Добро пожаловать в медицинский центр «Керуен-Medicus»

Медицинский центр «Керуен-Medicus» – это современный специализированный медицинский центр, оказывающий широкий спектр медицинских услуг

                                                      и предлагающий медицинские услуги для беременных женщин и детей до 1 года.

 

                                           

                                                                                                                                                                              Медицинский центр на карте 2gis

 

 Құрметті достар, біздің тұрақты емделушілеріміз бен біздің қызметімізге енді жүгінетіндер!

Керуен – Medicus медициналық емханасының сайтына қош келдіңіздер! Біздің сайтымыздың мақсаты – өзіміз туралы мәлімет беру, сіздерді медициналық қызметтердің кең ауқымымен таныстырып, басқа медициналық емханалардан ерекшелігімізді көрсету. Керуен – Medicus компаниясы 2000 жылы құрылды. Бүгінде біздің емханамыз – Қазақстандағы ең ірі жекеменшік медициналық ұйымдардың бірі. Біздің ұйым қарқынды дамып келе жатқан «Керуен» компаниялар тобына кіреді. Өз қызметімізді шағын медициналық орталық ретінде бастап, біз бүгінде жекеменшік медицина бизнесінің беделді өкіліне айналдық. Біз медициналық қызметтердің сапасын жақсарту, медициналық қондырғылар паркін жаңарту, медициналық қызметтер спектрін кеңейту және жоғары санаттарды мамандарды тарту бойынша ұдайы жұмыс жүргіземіз. Біз келушілерге ыңғайлы болатындай әрбір сәтті ойластыруға тырысамыз. Емханада сізді көпжылдық тәжірибесі бар, жоғары және бірінші санатты нағыз кәсіпқойлар қарайды. Ұйғарымды дәл қойып, қисынды ем тағайындап, кез келген сәтте көмекке келуге әзір болып, толықтай айыққанша сізді бақылайтын болады.

 Көпсалалы «Керуен – Медикус» медицина орталығы Алматы қаласының орталық бөлігінде орналасқан, 5 қабатты алып жатыр. Емханаға кіреберісте сіздің тыныштығыңыз бен емханамызға қауіпсіз кіріп-шығуыңызды қамтамасыз ететін сыпайы да әдепті күзет қызметі қарсы алады.

 

Керуен –Medicus құрамына келесі бөлімшелер кіреді:

 

- Балалар мен ересектерге арналған емхана;

- Зертхана;

- Рентген-диагностика;

- УДЗ диагностика;

- Босандыру бөлімшесі;

- Жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесі;

- Хирургия бөлімшесі, оның ішінде қан тамырлары хирургиясы;

- Маммология

Жаңалықтар

Тағы жаңалықтар

Блогтарда жаңа

Тағы блогтар

Біздің құттықтаулар

Барлық құттықтаулар

Біздің серіктестеріміз

  • Siemens
  • Керуен
  • Freiburg
  • SNUH

Біздің мекенжайымыз

Біздің мекенжайымыз